Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдеріне экспорты 9,5% өсті
15.02.2024
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдеріне экспорты 9,5% өсті

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 28 517,8 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 2,8%* азайды.

2023 жылғы қаңтар-желтоқанда тауарлар экспорты 11 054,1 млн АҚШ доллары (9,5% көп), импорт – 17 463,7 млн АҚШ доллары (9,3% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Арменияға 0,2%, Беларусқа – 3,2%, Қырғызстанға – 5,5%, Ресейге 91,1% тиесілі.


Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы**

(млн АҚШ доллары)


Экспорт

Импорт

қаңтар-желтоқсан 2022ж.

қаңтар-желтоқсан 2023ж.

қаңтар-желтоқсан 2022ж.

қаңтар-желтоқсан 2023ж.

Ресей

9 091,4

9 788,2

17 880,6

16 192,2

Қырғызстан

793,0

1 076,7

453,9

495,2

Беларусь

186,5

155,8

905,5

756,7

Армения

28,0

33,4

15,0

19,7

Барлығы

10 098,9

11 054,1

19 255,0

17 463,7

** Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдеріне – 26,4%, одан кейін машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі –25,5%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында металдар және олардан жасалған бұйымдар –19,4%, одан кейін машиналар, жабдық, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар бар – 19,3%.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші